Рио көшелерінде Олимпиада ойындарының ашылуы күні көптеген наразылықтар өтуде (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода енді санаулы сағаттан кейін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы басталады.
Спорт мерекесі алдында әлеуметтік желілерде жазғы Олимпиада астанасының көрікті жерлерінің видеолары мен суреттері жарияланып жатыр. Алайда олардың арасында көңілге қаяу салатындары да бар.
Рио көшелерінде ел президенті Дилма Руссефке қатысты импичментке байланысты көптеген наразылықтар өтуде.
Әлемнің ең басты спорт мерекесінің ашылуы рәсімінде президенттің міндетін уақытша атқарушы Мишел Темер Бразилия атынан сөз сөйлейді деп күтілуде.
On day of #Rio2016 opening, huge protests in the streets. This one denouncing "coup" of impeachment. #CBC pic.twitter.com/2sQCaJKCCD
— David Common (@davidcommon) 5 августа 2016 г.