Рио олимпиадасында қазақстандық Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылып қалды

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Қазір Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова әйелдер арасындағы жекелей сында ұтылып қалды.

Рио олимпиадасында қазақстандық Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылып қалды

Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Біздің отандасымыз алғашқы айналымда жапон қызы Мисаки Доимен шеберлік байқасты. Өкінішке қарай екі сеттің қорытындысы бойынша жапондық қыз 6:3, 6:4 есебімен жерлесімізден айласын асырып кетті. Осымен әйелдер арасындағы жекелей бәсеке Қазақстан спортшылары үшін аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың алдында Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева жарақатына байланысты Рио олимпиадасынан шет қалған болатын. Ереже бойынша, олардың жолдамасы басқа қазақстандық теннисшілерге берілмейді. Ал тағы бір аруымыз Галина Воскобоева да жекелей сында өнер көрсетуден бас тартқан еді.