Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Рио Олимпиадасының екінші күні жалпы есепте Қытай құрамасы суырылып алға шықты

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының екінші күні жалпы есепте Қытай құрамасы суырылып алға шықты. Олардың еншісінде қазір 3 алтын, 2 күміс, 3 қола (8) медаль бар, деп хабарлады Риодағы ҚазАқпарат тілшісі .

Рио Олимпиадасының екінші күні жалпы есепте Қытай құрамасы суырылып алға шықты

Ал Қазақстан жарыстың екінші күні ешқандай жүлдеге іліне алған жоқ. Осылайша жалпы есепте 18-орынға сырғыды.

Қазірге дейін Рио Олипиадасының медаліне 28 мемлекеттің спортшылары қол жеткізді.

Медаль алған мемлекеттер тізімі:

1.   Қытай Халық Республикасы - 3 алтын, 2 күміс, 3 қола (8)

2.  Австралия 3 алтын, 0 күміс, 2 қола (5)

3. Италия - 2 алтын, 3 күміс, 2 қола (7)

4 Оңтүстік Корея - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола (5)

5. Венгрия - 2 алтын, 0 күміс, 0 қола (2)

6. Америка Құрама Штаттары - 1 алтын, 5 күміс, 2 қола (8)

7.  Ресей Федерациясы - 1 алтын, 2 күміс, 2 қола (5)

8.  Швеция - 1 алтын, 1 күміс, 0 қола (2)

9. Жапония - 1 алтын, 0 күміс, 6 қола (7)

10. Қытайлық Тайбэй - 1 алтын, 0 күміс, 1 қола (2)

11. Таиланд - 1 алтын, 0 күміс, 1 қола (2)

12. Бельгия - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1)

13. Косово - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1)

14. Аргентина - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1)

15. Вьетнам - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1)

16. Нидерланды - 1 алтын, 0 күміс, 0 қола (1)

17. Канада - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2)

18. Қазақстан - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2)

19. Бразилия - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1)

20. Филиппин - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1)

21. Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1)

22. Жаңа Зеландия - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1)

23. Дания - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1)

24. Индонезия - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1)

25. Өзбекстан - 0 алтын, 0 күміс, 2 қола (2)

26. Грекия - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1)

27. Испания - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1)

28. Польша - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1)

Жалпы 23 алтын 23 күміс, 27 қола (73) сарапқа салынды.

Айта кетейік, 5 тамыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында басталған ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 104 спортшыны алып келді. Ойындардың алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос медаль түсті. Дзюдодан әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлдеге ие болса, тағы бір дзюдошы ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды. Олимпиада ойындары 21 тамыз күні аяқталады. Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 12-ші орынға тұрақтаған болатын.