Рио Олимпиадасының үміті: Досжан Қортықов
Грек-рим күресі
Досжан Қортықов
Туған күні/жылы: 24.05.1989
Туған жері: ШҚО. Аягөз ауданы
Салмағы: 75 келі
Бапкері: А.Арқабеков
Жетістіктері:
Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2008)
Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2009)
Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009)
Әлем кубогының қола жүлдегері (2012)
ҚР Президенті кубогының күміс жүлдегері (2012)
Дэйв Шульц мемориалының жеңімпазы (2013)
ҚР Президенті кубогының жеңімпазы (2013)
Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (2014)
Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015)
Азия чемпионы (2016)
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Рио Олимпиадасында грек-рим күресінен үш-ақ балуанымыз сынға түсетінін ескерсек, әр балуанға артылып отырған міндет пен талап өте ауыр. Сол талаптарға сай балуандарымыздың бірі осы - Досжан Қортықов!
Мәселенің барлығы «санда емес, сапада» деп білетін халқымыз санаулы балуандарымызға зор үміт артып отыр. Досжан осы үмітті қаншалықты деңгейде ақтай алады? Оны санаулы күндерден кейін Рио төріндегі боз кілем анықтайды. Десе де, балуанымыздың жолына үмітпен қарайтынымыз анық... Сәттілік жолдас болсын деп тілейік.