Риодағы Олимпиадалық стадионда өрт шықты, қазақстандық спортшылар аман
АСТАНА. KAZINFORM – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиадалық стадионда өрт шықты. Бұл туралы Халықаралық семсерлесу федерациясы хабарлады.
Өрт велодромның шатыр бөлігінде тұтанған. 1 сәуірден бастап аталған нысанда жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатының алдын ала кездесулері өтіп жатқан. Оқиға кезінде алаңда ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ.
— Жергілікті билік өкілдері де зардап шеккендер жоқ екенін растады. Семсерлесу жарыстары велодромда және негізгі алаң — Arena Carioca 1 кешенінде өтіп жатқан. Қазіргі уақытта барлық жарыстар велодромнан қауіпсіз қашықтықта орналасқан нысанда жалғасып жатыр, — делінген халықаралық федерация таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар аталған жарыста Қазақстан атынан 17 семсерлесуші өнер көрсетіп жатыр.
— Біздің спортшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, — деп хабарлады Ұлттық семсерлесу федерациясы.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты өртенген еді.
Айта кетейік, 1 сәуірде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден әлем чемпионаты басталады.