Аққулардың қырылуы: Қаракөлге Rixos-тен төгілетін қалдық су қаншалықты лас

Ақтауда аққулардың қырылуына байланысты құстар қонатын Қаракөлге «Rixos» қонақүйінен төгілетін қалдық судың құрамына жасалған талдау қорытындысы шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қонақүй
Фото: rixos.com

«Экология департаменті мамандарының талдауы нәтижесінде, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан артық екені анықталды. Сонымен қатар аққулар өлімінің факісіне төгінділер әсерінің қатыстылығын толық зерттеу үшін Алматы қаласынан орнитолог мамандар шақырылды. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті инспекторлық ден қою шаралары қабылданады және әкімшілік істер қозғалады», — деді экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ақтауда Қаракөлде қырылған аққулардың саны 828-ге жеткені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша аққулардың жаппай қырылуы құс тұмауының өршуінен деп мәлім етілді.

Айта кетсек, 2022 жылы «Rixos Water World Aktau» қонақүйі осыған ұқсас заңбұзушылық әрекеті үшін жауапқа тартылып, 76 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram