Родиналықтар «Туған жер» бағдарламасының жемісін көруде - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Целиноград ауданының Родина ауылында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Еске сала кетейік, бүгін «Родина» агрофирмасы» ЖШС базасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы өтуде. Оған аудан, қала əкімдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы өндірістік орталығының, Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығының мал шаруашылығы жəне өсімдік шаруашылығы Солтүстік Қазақстан ҒЗИ өкілдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен аграномдарынан құралған 200 астам адам қатысуда.
null 

Кеңесте баяндама жасаған «Родина» агрофирмасы» ЖШС басшысы Иван Сауэр бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде атқарлыған жұмыстар туралы айтып берді. Қонақтарға Иван Адамович «Туған жер» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген дәрігерлік амбулаторияның ішін аралатып көрсетті.
null 

Айталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша алғашқылардың болып қол ұшын созған кәсіпкерлердің бірі - осы Иван Сауэр.  

Кәсіпкер өзінің 30 миллион теңге қаражаты есебінен ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді және күндізгі стационар ғимаратын салып берді.

Оған қоса, Зеленый Гай ауылындағы мәдени-сауықтыру кешенін қалпына келтіруде.  
null 

«Мұнда медициналық мекеменің толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынған. Стомотология және физиокабинет жабдықталған. Окургтегі төрт ауылдағы 2000 астам адамға медициналық қызмет көрсетілетін болады. Өзім жақында Астанадағы медициналық университетті тәмамдап, осында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келдім. Мені серіктестік басшысы баспанамен қамтамасыз етті», - дейді аға дәрігер Алена Злодеева.
null 

Ал, зейнеткер Анна Иванова болса, жергілікті дәрігерлер қызметінің сапасына жоғары баға беріп отыр.

Сонымен қатар, И.Сауэр қонақтарға өз басқаратын «Родина» агрофирмасы» ЖШС әлеуметтік-өндірістік нысандарын аралатып көрсетті. Оның ішінде жабық хоккей корты, сән салоны, кітапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандар бар.
null 

Соңғы жаңалықтар