Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Родри Мессидің орнын басып, 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Испания құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Родри Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімімен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Родри әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
Фото: FIFA

Әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Родри турнир барысында ұлттық құрама сапындағы сегіз матчтың барлығына қатысты. Ол гол соқпағанымен әрі нәтижелі пас бермегенімен, бүкіл чемпионатта небәрі бір ғана гол жіберген Испания құрамасының табысына зор үлес қосты.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Турнир басталар алдындағы әлем чемпионы 2022 жылғы дүниежүзілік біріншіліктің жеңімпазы Аргентина құрамасы еді.

Бұған дейін Пау Кубарси 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы атанғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды.