Ролан Гарростегі сенсация: Бублик әлемнің 5-ракеткасын еліне қайтарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, ұлыбританиялық, 23 жастағы Джек Дрейпермен кортқа шықты.
Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді. Бұл олардың топырақ төсенішіндегі алғашқы матчы еді.
Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте ұлыбританиялық спортшы брейк жасап кетті – 7:5.
Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды – 6:3.
Қазақстандық теннисші үшінші сетті 6:2 есебімен аяқтады.
Александр төртінші партияны брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Екі сағат 34 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. 12 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Осылайша, А.Бублик өз спорттық жолында алғаш рет Франция ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Бұл менің өмірімдегі мүмкіндік еді. Соны пайдалана білгеніме қуаныштымын. Бәріңізге мың алғыс! Енді келесі ойынға дайындаламын, - деді матчтан соң А.Бублик.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер немесе рейтингіде 15-орындағы ресейлік Андрей Рублёвтің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гарростың төрт дүркін чемпионына жол бергенін жазған болатынбыз.