Румыния елдегі НАТО әскерінің санын көбейтетінін хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM — Румыниядағы америкалық әскер санының қысқаруы НАТО-ның басқа елдерінен келетін әскер санының артуы есебінен өтеледі, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Румыния елдегі НАТО әскерлерінің санын көбейтетінін хабарлады
Фото: Kenzo Tribouillard/AFP/Getty Images

Румынияның Сыртқы істер министрі Оана Цою жергілікті порталға берген сұхбатында Румыниядағы НАТО әскерлерінің санының артатынын мәлімдеді. 

— Біз АҚШ-та және НАТО аясында қорғаныс және тосқауылдық қабілеттерімізді одан ары арттыру жолдарын талқылап жатырмыз. Қазіргі уақытта біздің басты назарымыз әуе қорғанысына бағытталған. Жыл соңына дейін және келесі жылы біз Румынияда НАТО-ның нығаюын көреміз, - деді ол. 

Басылымның атап өтуінше, бір күн бұрын АҚШ Румынияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне елдегі әскери контингентін шамамен 700 адамға қысқартатыны туралы хабарлаған. 

Еске салсақ, осыған дейін Румыния прокуратурасы өткен жылы өтпей қалған президенттік сайлауда кандидат болған ультраұлтшыл саясаткер Кэлин Джорджескуге төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып таққанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар