Румыния парламентшілері ҚР Президентінің Ұлт жоспарын жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қарашада Бухарест қаласында ҚР Елшілігі Румынияның Парламенті мен Халықаралық қатынастар және экономикалық ынтымақтастық институтымен бірге ұйымдастырған «Әлемдік маңызы бар құжат: Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес реформалары және 100 қадамы» конференциясы өтті. Іс-шараға Румынияның Парламенті депутаттары, академиялық, ғылыми және қоғамдық топтар өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстанның Елшісі Дәулет Батырашев конференция қатысушыларын Қазақстанның қазіргі кездегі сындарға жауабы болып табылатын және еліміздің барлық салалардағы дамудың жаңа сатыға шығаруды көздейтін бес институционалды реформалардың басты қағидаларымен таныстырды.

Іс-шара қатысушылары Қазақстан өткізетін реформаларға жоғары баға беріп, олардың уақыттылығы мен өзектілігін айтып өтті. Атап айтқанда, Парламент Сенатының Экономика және өнеркәсіп комитетінің төрағасы Назаре Еуджен Цапу өзінің сәлемдеме сөзінде Қазақстанның стратегиялық көрегендігі, оның индустрия мен инновациялар саласындағы іске асырылатын бағдарламалары, жаңа технологияларды тартуы және өзінің көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуы үлкен әсер қалдыруда. Оның пікірінше, осындай экономикалық саясат қазіргі замандағы мемлекеттің орнықты дамудың кепілі болып табылады. Қазақстан экономикасының кейінгі жаңғыртуы мен өткізілетін реформалары, нәтижесінде Румыниямен ынтымақтастықтың ұлғаюына мен тауар айналымының өсуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Сенат Төрағасының орынбасары Иоан Челару Қазақстан өткізетін реформаларының батылдығы мен Қазақстан басшылығының көрегендігін атап өтті. Еліміздің қазіргі кездегі дамуы мен ҚР ұлтаралық келісімнің бірегейлі моделін жоғары бағалап, елімізде тұрып жатқан румын диаспорасының мәдени ерекшелігі мен тілін сақтауға байланысты Қазақстан басшылығына алғысын білдірді.

Парламент Депутаттар Палатасының вице-спикері Флорин Иордаке Румыния мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуын айрықша атап өтіп, екі елдің парламентаралық ынтымақтастығының белсендіру қажеттігін қолдады. Сондай-ақ, румындық саясаткер өзінше моделі болатын қазақстандық реформаларды Румынияның академиялық қауымдастығымен қарастырылуы қажет деп пайымдады.

Іс-шара барысында қазақстандық дипломат қатысушыларға Қазақстанның халықаралық бастамалары, соның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында жарияланған бастамалары туралы айтып, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға және келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар