Руслан Құрбанов Астанадағы семсерлесуден әлем кубогының финалында бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының шпага бойынша өкілі Руслан Курбанов Астанада өтіп жатқан әлем кубогының финалына жолдама алды.
Жеке сайыстың жартылай финалында қазақстандық спортшы Давид Нагимен (Мажарстан) кездесіп, 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Руслан Құрбанов өз жерінде өтіп жатқан әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды. Финалда украин спортшысы Роман Свичкармен кездеседі.
Еске салсақ, бұған дейін Руслан Құрбановтың әлем кубогының жартылай финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысып жатқанын хабарлағанбыз.