С.Ахметов: Біз елдеріміз арасында тауар айналымының аздау болса да, тұрақты өсіп отырғанын байқап отырмыз

МИНСК-АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі шеңберінде РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлады www.primeminister.kz сайты.
None
None

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, сондай-ақ Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысының көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасты. С.Ахметов ресейлік әріптесіне Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, оны сапармен Астанаға келуге шақырды.


«Тұтастай алғанда, екіжақты қарым-қатынас ырғақты өрбіп келеді. Біз елдеріміз арасында тауар айналымының аздау болса да, тұрақты өсіп отырғанын байқап отырмыз», - деп нақтылады С.Ахметов.


Өз кезегінде, Д.Медведев «елдеріміздің арасында ағымдағы проблемалар бар болғанымен, тұтастай алғанда, Ресей мен Қазақстан арасында тұрақты ынтымақтастық байқалады» деді.


Өзара қызығушылыққа жетелеген мәселелерді талқылау барысында тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спекторы бойынша байланыстарды одан әрі тереңде түсу керектігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар