С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің Баян-Өлгей аймағындағы филиалына көмек көрсетілді

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Баян-Өлгей аймағындағы филиалына көмек көрсетілді,
None
None

деп хабарлады еліміздің Монғолиядағы елшілігінен.

Қазақстан-Монғолия қарым-қатынастарында ҚР-ның Шығыс Қазақстан облысы мен Монғолияның Баян-Өлгей аймағының аймақаралық байланыстарының дамуы ерекше орын алады. 2001 жылдан бастап Өлгей қаласында (Баян-Өлгей аймағының орталығы) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) филиалы өз жұмысын бастады. «Өкінішке орай, 9 жыл ішінде ШҚМУ филиалының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүрізілмей, филиал материалдық-техникалық базасын жаңаландыруды қажет етті. Осыған байланысты және материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында ШҚМУ басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісу арқылы, сонымен бірге Қазақстанның Монғолиядағы Елшілігінің қолдауымен Баян-Өлгей аймағына жұмысшы-құрылысшылар тобын, құрылыс материалдарын, жиһаздарды және оргтехниканы жолдады», делінген баспасөз хабарламасында.

Елшіліктің ақпаратына қарағанда, кеше, мамырдың 30-ында аталған көмек Баян-Өлгей аймағына толығымен жеткізіліп, жұмысшы-құрылысшылар филиалдың жөндеу жұмыстарын бастап та кеткен.

«Баян-Өлгей аймағының басшылығы, тұрғындары бұл көмекті зор қуанышпен қабыл алып, Қазақстан-Монғолия достық қатынастарының кезекті оқиғасы екенін атап өтті», деп нақтылай түскен Елшілік ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар