С. Мыңбаев энергетикалық әріптестік мәселесін талқылау үшін АҚШ-қа сапармен барады
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -15-16 қарашада Энергетикалық әріптестік бойынша қазақстандық-американдық бірлескен комиссияның 7-нші отырысына қатысу үшін ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов АҚШ-қа сапармен барады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия энергетикалық салада Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастығының бірлескен іс-қимылы жоспарына қол қояды деп күтілуде. Сонымен қатар оның ішінде көмірсутек ресурстарын дамыту және оларды тасымалдау, атом энергетикасы мен ядролық қауіпсіздік, энергия үнемдеу және балама энергия көздерін жетілдіру мәселелері қамтылған.
Мұнымен қоса сапар барысында С. Мыңбаев АҚШ Энергетика министрлігінің күн жабдықтары бойынша жұмыстарымен танысады, сондай-ақ аталған ведомствоның және АҚШ мемлекеттік департаменті басшылығымен кездесу өткізбек.