Сабыржан Аққалықов әлем чемпионаты финалында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында бір боксшы финалға өтіп, біреуі қола жүлдегер атанды.

Боксер Сабыржан Аккалыков одержал победу нокаутом на на чемпионате мира в Дубае
Фото: ҚБФ

Дүниежүзілік додада Сабыржан Аққалықов (75 келі) ешқандай жекпе-жек өткізбестен финалға жолдама алды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоев жарысты жалғастыра алмайтыны белгілі болды. Сондықтан отандасымыз енді финалда бақ сынайды.

Айта кетсек, ол бұдан бұрын ширек финалда израильдік Мирослав Капулер-Ищченконы нокдаун және нокаутқа түсірді. Нәтижесінде жартылай финалға берілген жолдамаға қол жеткізген еді.

Сабыржан Аққалықов 2002 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол 2021 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Енді қазақстандық боксшылар арасынан Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар