Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында ¼ финалға бесінші жолдамаға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (75 келі) ширек финалға жолдама алды.

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында ¼ финалға бесінші жолдамаға ие болды
Фото: ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жаңа Зеландия өкілі Таухиримати Тохерири-Халлитпен шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен Сабыржанның жеңісімен аяқталды.

Айта кетсек, отандасымыз бұдан бұрын Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинмен нокаутқа жіберген еді.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

ІBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.

Соңғы жаңалықтар