Сағынтаев РФ Тікелей инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Игорь Вдовинмен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Тікелей инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Игорь Вдовинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сағынтаев РФ Тікелей инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Игорь Вдовинмен кездесті

Кездесу барысында қатысушылар ІТ-технологиялар, атом энергетикасы, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі салаларындағы бірлескен кәсіпорындар жұмысының мәселелерін қарастырды.