Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.  

Сәкен Бибосынов
Фото: Kazinform

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл кездесуінде филиппиндік 23-жастағы Кристиан Леганмен (6-2-3, 4 KO) қолғап түйістірген еді.

Жекпе-жек барысында Сәкен басымдық танытып, қарсыласын нокаутқа жіберді. Отандасымыз осылайша жарысты ерте аяқтады. Екінші жеңіл салмақтағы айқас алты раундқа белгіленген еді. 

Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем біріншілігінде жеңіс тұғырына көтерілсе, 2020 жылы Олимпиадада қола жүлдеге ие болды. Оған қоса 2022 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдеге қол жеткізді. 

Еске салсақ, Сәкен биыл Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде топ жарды. 

Соңғы жаңалықтар