Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

52 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз жартылай финалда үндістандық Амит Пангхалға 3:2 есебімен есе жіберді. Осылайша ол әлем чемпионатының қола медалін қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасына 6 боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар