18:00, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Сәкен Жасұзақов ҰҚШҰ Бірлескен штабының басшысы қызметіне тағайындалды
МӘСКЕУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ Бірлескен штабының басшысы қызметіне қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов тағайындалды.

Бұл туралы ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады.
«Мемлекет басшыларымен жеке тәртіпте қол қойылған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2012 жылдың 12 мамырындағы «ҰҚШҰ Бірлескен штабының басшысы туралы» шешіміне сәйкес, ҰҚШҰ Бірлескен штабының басшысы қызметіне сессияаралық кезеңге ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы - қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (аталған қызметтерді орындаумен қатар) тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Аталған шешіммен бірмезгілде бұл лауазымнан Беларусь Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштер бас штабының басшысы, генерал-майор Петр Тихоновский қызметінен босатылды.