Испанияға екі жылда 2 млн-нан астам мигрант келген

АСТАНА. KAZINFORM – 2023–2024 жылдары Испанияға 2 миллионнан астам мигрант келді. Олардың басым бөлігі — Латын Америкасынан келгендер, деп хабарлайды Еuronews.

Испанияға екі жылда 2 млн-нан астам мигрант келген
Фото: euronews

Испанияда шетелдік тұрғындар саны айтарлықтай өсіп келеді. Есептеулерге сәйкес, 2023 және 2024 жылдары елдегі әр төртінші тұрғын шетелдік болған.

Бұл үрдіс көші-қон ағынының күшейгенін көрсетеді. Келушілер саны 2000 жылдардың басындағы рекордтық көрсеткіштерге жақындаған. Қазіргі таңда миллиондаған шетелдік адам Испанияның тұрақты халқының бір бөлігіне айналып, елдің Еуропадағы негізгі миграциялық хабтардың бірі ретіндегі беделін нығайтып отыр.

Әсіресе Латын Америкасынан келгендер саны айтарлықтай артқан. Испанияда Колумбия, Перу және Венесуэладан келген қауымдастықтар кеңейіп жатыр.

Халықаралық жағдай да бұл көші-қон үдерісіне әсер етті. Украинадағы ауқымды соғыс жылдарында Испаниядағы украин диаспорасы да көбейді.

Мигранттарды белсенді қабылдау мәселесі қоғамдық пікірталас та барған сайын өткір тақырыпқа айналып жүр. Биыл сәуір айында Педро Санчес үкіметі жүздеген мың мигрантты заңдастыру туралы жарлықты бекітті.

Euronews арнасына берген сұхбатында Испанияның көші-қон министрі Мадридтің бұл саладағы саясатын қорғап, оның Еуропадағы мигранттарға бақылауды күшейту үрдісіне қарама-қайшы екенін атап өтті.

Айта кетелік ЕО-да заңсыз мигранттарды қайтару шаралары қатаңдайды.