«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді

АСТАНА. KAZINFORM — 26-29 сәуір күндері Өзбекстанның Хива қаласында өткен III халықаралық «Лазги» би фестивалінде «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Қазақстан атынан өнер көрсетті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Фестиваль аясында ансамбль қазақтың «Қыз қуу», «Домбыра дастан» билерін және өзбек халқының «Хорезм термәлері» биін шебер орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Нәтижесінде «Ең үздік сахналанған би» аталымы бойынша 2-орынды иеленді.

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ауқымды мәдени іс-шараға әлемнің 15 елінен келген өнер ұжымы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болды.

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі аталмыш халықаралық фестивальге алғаш рет қатысты.

Осыған дейін маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болғанын жазғанбыз.