Сальвадор президенті Венесуэлаға тұтқындар алмасуды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Сальвадор президенті Наиб Букеле Венесуэла осынша саяси тұтқынды босатқан жағдайда Трамп әкімшілігі Сальвадорға депортациялаған венесуэлалықтарды босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

– Сіздерге депортацияланған 252 венесуэлалықтың 100 пайызын репатриациялауды көздейтін гуманитарлық келісімді ұсынғым келеді. Оның орнына Сіз ұстап отырған мыңдаған саяси тұтқынның 252-ін босату және жеткізуді қарастырып көріңіз, - деп жазды президент Наиб Букеле Венесуэла президенті Николас Мадуроға Х әлеуметтік желісінде жолдаған хатында.
Señor @NicolasMaduro, usted ha dicho en numerosas ocasiones que quiere a los venezolanos de regreso y en libertad.
— Nayib Bukele (@nayibbukele) April 20, 2025
A diferencia de usted, que tiene presos políticos, nosotros no tenemos presos políticos. Todos los venezolanos que tenemos bajo custodia fueron detenidos en el…
Наурыз айынан бастап АҚШ үкіметі Tren de Aragua және MS-13 бандыларымен байланысы бар деп айыпталған венесуэлалықтар мен сальвадорлықтарды Сальвадорға жіберді. Онда Букеле сотталған қылмыскерлерді АҚШ үшін ақылы түрде ұстауға келісті. Бұл туралы The New York Times хабарлады.
Венесуэланың бас прокуроры Сальвадорда қамауда отырған, көбі сотты болмаған венесуэлалықтарды дереу босатуды талап етті.
Өз кезегінде Букеле саяси тұтқындары жоқ екенін, ал қамаудағы барлық венесуэлалық АҚШ-пен бандыларға қарсы операция аясында қамауға алынғанын атап өтті.
Сальвадор президенті былтыр қуғын-сүргін кезінде Мадуро үкіметі ұстаған бірнеше адамды (Рафаэль Тударьеса, Эдмундо Гонсалестің күйеу баласы; тілші Роланд Карреньо; адвокат және белсенді Росио Сан Мигель) бостандыққа шығаруды сұрады. Сондай-ақ алмасу аясында ол Венесуэла президентіне басқа елдерден (АҚШ, Германия, Аргентина, Боливия, Израиль, Иран, Испания, Италия, Колумбия, Ливан, Мексика, Украина, Португалия, Франция, Эквадор және т.б.) тағы 50-ге жуық азаматты босату туралы айтқан.
– Саяси тұтқындарыңыз ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Олардың түрмеде отыруының бірден-бір себебі – Сізге және Сіздің сайлаудағы алаяқтыққа қарсы сөйлегені, - деп жазды Сальвадор президенті Наиб Букеле Х-те.
Señor @NicolasMaduro, usted ha dicho en numerosas ocasiones que quiere a los venezolanos de regreso y en libertad.
— Nayib Bukele (@nayibbukele) April 20, 2025
A diferencia de usted, que tiene presos políticos, nosotros no tenemos presos políticos. Todos los venezolanos que tenemos bajo custodia fueron detenidos en el…
Венесуэлалық «Foro Penal» құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Венесуэлада 68-ге жуық шетелдік төлқұжат иелері заңсыз түрмеге қамалды және олар 900-ге жуық венесуэлалық саяси тұтқынмен бірге қамауда отыр.
Бұған дейін ХАМАС Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарын тоқтатып, әскерін Газадан шығару шартымен барлық тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдегенін хабарлаған едік.