Самат Ордабаев ҚР-дың Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.