«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жақын арада инвесторлар үшін аса ірі бірқатар жобаларды жариялайды - Басқарма төрағасы
Бұл туралы бүгін Алматыда ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Самұрық-Қазына: индустриялық-инновациялық даму жолында» деген тақырыпта өткен мәжіліске Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев төрағалық етті. Онда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовке қордың шетелдік инвесторларды тартудағы ролі туралы сауалнама қойылған болатын.
«Жақын арада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвесторлар үшін аса ірі бірқатар жобаларды жариялайды. Үкімет тарапынан мақұлданған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы жобалардың жартысын қазіргі таңда Ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыруда. Бұл 32 жобадағы қаражаттың жалпы сомасы 20 миллиард доллардан астам», деді өз жауабында Қайрат Нематұлы.