Сән индустриясы улы айсбергтің ұшы ғана – БҰҰ Бас хатшысы
АСТАНА.KAZINFORM - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шамадан тыс ысырапшылдық экономиканың барлық саласы үшін проблема екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

БҰҰ басшысы Бас ассамблея отырысында сөйлеген сөзінде адамзат жыл сайын екі миллиард тоннадан астам қалдық шығаратынын еске салды.
- Тоқыма өндірісіне мыңдаған химиялық зат пайдаланаылады. Оның көбі қоршаған ортаға зиянын тигізеді, - деді Антонио Гутерриш. - Олар парниктік газ шығарып, климаттық дағдарысты үдете түседі. Киім бір реттік пайдалануға басымдық беретін бизнес-модельдерге негізделген жылдамдықпен өндіріледі және жойылады. Бірақ сән индустриясы «улы айсбергтің ұшы ғана.
Шамадан тыс қалдық экономиканың барлық салаларындағы проблема.
БҰҰ Бас хатшысы өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті.
Сән әлемінде дизайнерлер қайта өңделген материалдармен тәжірибе жасауда. Тұтынушылар материалдардың экологиялық құрамдас бөлігіне көбірек талаптар қояды.
- Прогреске сүйене отырып, біз планетамызды жойып жіберетін бақылаусыз қалдықтарды өндіру тәжірибесін тоқтатуымыз керек, - деді ол. - Халықаралық нөлдік қалдық күнінде барлығымыз әлемді тазалауға және құруға міндеттенейік.
Халықаралық нөлдік қалдық күні 30 наурызда тойланады. Биыл ол сән және тоқыма тақырыбына арналған.
Бұған дейін Қазақстанда техногенді қалдықтардың бірыңғай реестрі құрылуы керек екенін жазғанбыз.