Сән-салтанат салығы туралы бес сұрақтың жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сән-салтанат салығына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

сән-салтанат салығы
Фото: Kazinform

1. «Сән-салтанат салығына» не жатады?
Салық келесі мүліктер мен тауарларға салынады:

  • құны 18 000 АЕК-тен (70 млн теңгеден) жоғары автокөліктер;

  • құны 24 000 АЕК-тен (100 млн теңгеден) жоғары яхталар мен ұшақтар;

  • бағасы 500 мың теңгеден асатын алкоголь өнімдері;

  • бағасы 10 мың теңгеден асатын сигарлар;

  • иесінің барлық жылжымайтын мүлік нысандарының жиынтық құны 450 млн теңгеден жоғары болған жағдайда (салық салынатын, нарықтық емес бағамен есептеледі).

2. «Сән-салтанат салығы» қалай есептеледі?

  • Автокөліктер: 18 000 АЕК-тен бастап салық + құнының 10%-ы мөлшерінде акциз;

  • Яхталар, ұшақтар: 24 000 АЕК-тен бастап салық + құнының 10%-ы мөлшерінде акциз;

  • Бағасы 500 мың теңгеден асатын алкоголь: салық + литріне құнының 10%-ы мөлшерінде акциз;

  • Бағасы 10 мың теңгеден асатын сигарлар: салық + данасына құнының 10%-ы мөлшерінде акциз;

  • Бағасы 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік: 2 млн 946 мың теңге + лимиттен асқан сомаға 2%.

3. Бірнеше пәтер мен үй болған жағдайда салық қалай салынады?
Егер бір адамға тиесілі пәтерлер мен үйлердің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, салық мөлшері 2 млн 946 мың теңге + артық сомаға 2% болады.

Ал жалпы құны 450 млн теңгеден аспаса, салық әр нысанға жеке есептеледі.

4. Ескі автокөліктерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?

  • 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктерге – 30% жеңілдік;

  • 20 жылдан асқан жеңіл автокөліктерге – 50% жеңілдік.

5. Көлік құралдары салығында қандай өзгерістер бар?

  • Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бір пикапқа қосымша жеңілдік беріледі;

  • 31 желтоқсан 2013 жылдан кейін әкелінген немесе сатып алынған автокөліктерге қолданылған жоғарылатылған мөлшерлеме алынып тасталды;

  • Ағымдағы төлемдерді есептеу жойылып, тек жылдық декларация тапсырылады.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Салық кодексі туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар