Сандуғаш Кенжебаева мен Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы турнирде чемпиондыққа таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілер Сандуғаш Кенжебаева мен Асылжан Арыстанбекова жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген 19 жастағы С.Кенжебаева германиялық Жоэль Лилли-Софи Стойрмен бірге үш кездесуін жеңіспен аяқтады.
Қазақстандық-германиялық жұп алдымен тартысты матчта америкалықтар Брэнделин Фулгенци – Лорен Фулгенциді ұтты – 7:5, 2:6, 10:2.
Ширек финалда нидерландылық Мелисс Бойден – ресейлік Мария Михайловаға бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0, 6:0.
Ал жартылай финалда бір сағат 11 минутқа созылған матчта италиялықтар Джулиана Бестетти – Оттавия Массеттидің меселін қайырды – 6:4, 6:2.
Тағы бір қазақстандық, 18 жастағы Асылжан Арыстанбекова ресейлік Дарья Шадчневамен бірге 1/8 финалда жарыстың 3-ракеткалары, грузиялықтар Анна Бочорадзе – Софья Шапатаваны жолдан тайдырды – 6:3, 6:1.
Ширек финалда қытайлық Яиджин Цао – жапониялық Ена Койкеден басым түсті — 6:2, 6:3.
Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт румыниялық Бьянка Бэрбулеску – норвегиялық Астрид Ванья Брунэ Ольсенді тізерлетті – 6:1, 6:2.
Осылайша, Сандуғаш Кенжебаева – Жоэль Лилли-Софи Стойр финалда Асылжан Арыстанбекова – Дарья Шадчневамен бас жүлдені сарапқа салады.
С.Кенжебаева жұптық сында Анталияда осымен үшінші рет қатарынан финалға жолдама алып отыр. Мұның алдында ол екі мәрте жеңімпаз атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сандуғаш Кенжебаеваның екінші рет қатарынан Түркиядағы жарыстың чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Португалиядағы жарыста Попконы ұтқан Жұқаев ширек финалға өтті.
Аустралия ашық чемпионатында Новак Джокович жартылай финалдық кездесуін аяқтай алмады.