Санитариялық қызмет мамандарының біліктілік жүйесіне енгізілген өзгерістер күшіне енді

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңартылған тәртіп «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша білімі бар мамандарға қолданылады және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет кадрларының кәсіби даярлығын бағалаудың бірыңғай, ашық және объективті тетігін қалыптастыруға бағытталған.

құжат
فوتو: ۆيكتور فەديۋنين/kazinform

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталғандармен қатар бұрын біліктілік санаттары болған мамандар жаңа талаптар мен рәсімдер шеңберінде тиісті біліктілік деңгейін алу құқығын сақтайды.

Енгізілген өзгерістер мыналарды қамтамасыз етеді:

· бұрын берілген біліктілік санаттарының сабақтастығын;

· біліктіліктің деңгейлік моделіне кезең-кезеңімен көшуді;

· кәсіби талаптардың ашықтығы мен салыстырмалылығын арттыруды;

· халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуды.

Жаңартылған тәртіпті іске асыру денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясатты дамытуға, мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және үздіксіз дамуға ынталандыруға, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Комитет 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызмет атқаратын денсаулық сақтау мамандарының біліктілік деңгейін беру және растау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге (ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы) енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлады.

Осыған дейін санитариялық қорғау аймақтарына қойылатын талаптар жаңартылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар