Санкт-Петерборда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің шағын құрамдағы отырысы басталды
НКТ-ПЕТЕРБОР. 19 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Санкт-Петербор қаласындағы Константиновск сарайында Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың үкімет басшыларының шағын құрамдағы отырысы басталды.
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы талқыланады деп күтілеуде.
Сондай-ақ «бестік» форматында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әлемдік қаржы дағдарасын еңсеру және ЕурАзЭҚ Сотын қалыптастыру мен қызметін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда жұмыс сапарымен жүр, онда Үкімет басшысы ЕурАзЭҚ Мемлекет аралық кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) үкімет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысады.