Санкт-Петерборда Қазақстанның футбол қауымдастығы ФИФА Президенті Зепп Блаттермен кездесті
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше, 23 қаңтар күні Достастық-2011 Кубогі жарысы аясында Санкт-Петерборда Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан футбол қауымдастығының вице-президенті Виктор Катков пен ҚФҚ-нің халықаралық бөлімшесінің басшысы Қуаныш Қанапиянов ФИФА Президенті Зепп Блаттермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстанның футбол қауымдастығының баспасөз қызметі.
Ресми кездесуде В.Катков ҚФҚ президенті Әділбек Жақсыбековтің З.Блаттерге жолдаған сәлемдемесін жеткізіп, Қазақстан футболының дамуына ерекше назар аударып келе жатқаны үшін зор алғысын білдірді.
В.Катковтың Қазақстан футболының аяқалысы жайында жасаған қысқа баяндамасынан кейін, З. Блаттер сөз алды.
«Қазақстан» дегенде мен 2009 жылы Қазақстан Президентінің кубогі жолындағы жарыста болған сәтім, еуразиялық кеңістіктегі жетекші саясаткерлердің бірі болып табылатын Нұсұлтан Назарбаевпен болған сұхбатым еске түседі. Сіздердің елдеріңізде осы салада болып жатқан оң өзгерістерге және сіздердің халықаралық футболдың дамуына бөліп отырған көңілдеріңізге ризашылық танытамын», - деп атап көрсетті ФИФА Президенті кездесуде.