Санта-Клаустың шанасы жерді айналып ұшуды бастады — Flightradar

АСТАНА. KAZINFORM — Рождество мерекесі қарсаңында Санта-Клаустың бұғыға артылған шанасы жер шарын айналып ұшуын бастады, деп хабарлайды ТАСС.

Санта-Клаустың шанасы жерді айналып ұшуды бастады — онлайн трансляция
Фото: Flightradar

Сиқырлы саяхатты кез келген адам Flightradar арқылы тікелей тамашалай алады.

Агенттіктің мәліметінше, Санта-Клаус 23 желтоқсан күні солтүстік полюстен аттанған. Оның шанасы 17:50 шамасында (Мәскеу уақытымен) Финляндияның үстінен 18,2 шақырым биіктікте оңтүстік-батысқа қарай бет алған.

Сантаның «ұшып-қонуын» дәстүрлі түрде Солтүстік Американың Біріккен аэроғарыштық қорғаныс қолбасшылығы (NORAD) бақылайды. Ведомство ресми бақылауды тек 24 желтоқсанға қараған түні бастайды.

Санта-Клаус — Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы танымал сиқырлы кейіпкер, ол дәстүр бойынша Рождествода балаларға сыйлықтар әкеледі.

Айта кетейік, Лос-Анджелесте «Үйде жалғыз» фильміндегі бәліштен жасалған үй рекорд орнатты. Фильм жанкүйерлері бәліш үйге барып, Prince St. Pizza компаниясының «A Lovely Cheese Pizza» пиццасынан ауыз тие алады.

Соңғы жаңалықтар