Сара Назарбаева Ұлттық госпитальде ем алып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бұл туралы Қазақстан Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі агенттік сауалына берген жауабында хабарлады.

Сара Назарбаева
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Мекеме директоры Асхат Браловтың жауабына сәйкес, науқас медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен ем алып жатыр.

Сондай-ақ Асхат Бралов Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпияға жататынын атап өтті.

- Мұндай деректерге тек пациенттің келісімімен немесе заңда көзделген өзге де негіздер негізінде қол жеткізуге болады. Сондай-ақ медициналық этика және кәсіби жауапкершілік қағидаттарына сәйкес медициналық ұйымдар дербес медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қатаң сақтауға міндетті. Ақпаратты жария етпеу туралы шешім оның жеке өміріне, жеке өмірін құрметтеуге және емдеу процесіне ықтимал араласудан қорғауға заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында пациенттің мүддесі үшін ғана қабылданды, - деді медициналық мекеме директоры.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Алпысқызының өмірден озғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл деректің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар