Сарағаш ауданының ауылдарында Тәуелсіздік мереккесі жаппай өтіп жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар жаппай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Мәселен, Қапланбек ауылдық округіндегі А.Тоқмағамбетов атындағы жалпы орта мектебінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысқан облыстық маслихаттың депутаты А.Досболов және аудан әкімі Қайрат Абдуалиев тұрғындарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтап, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті.

Сонымен қатар, Жемісті ауылдық округіндегі мерекелік кешке қатысқан аудан әкімі Қайрат Абдуалиев ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосып, қызмет етіп жүрген азаматтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығы алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жібек жолы ауылдық округіндегі Жаңатұрмыс ауылдық мәдениет үйінде де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараға қатысқан аудандық маслихаттың депутаты Жомарт Абдибаев пен ауыл әкімі Талғат Азимбердиев ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған алғыс хаттарымен марапаттады. Салтанатты іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар