Сауд Арабиясы әлем чемпионатына билеттерді тегін таратып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясы Футбол федерациясы АҚШ-тағы жанкүйерлеріне алдағы әлем чемпионатының барлық матчтарына билеттерді тегін тарататынын мәлімдеді, деп хабарлайды The Sun.
Бұл шешім Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) 11 маусымда басталып, үш ел: АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатына стадион сыйымдылығының аздығына қатысты алаңдаушылығы аясында қабылданды.
Сауд Арабиясы құрамасының алғашқы ойыны 16 маусымда Майамиде Уругвайға қарсы өтеді. Топтық кезеңдегі бұл кездесуге билеттер шамамен 3 мың долларға сатылып отыр, бірақ сатылмаған билеттер саны қазірдің өзінде көп.
FIFA осыған байланысты билеттерді тегін тарату схемасын бекітті, бұл стадион сыйымдылығын арттыруға және матчтарды жартылай бос трибуналарда өткізуден аулақ болуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Сауд Арабиясы құрамасы Халықаралық футбол федерациясы рейтингінде 61-ші орында тұр.
Бұған дейін FIFA биылғы ӘЧ матчтары билеттерінің жаңа партиясын сатылымға шығарғаны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ FIFA биылғы әлем чемпионатының финалдық матчының билеттері тарихтағы ең жоғары бағаға жетті. FIFA белгілеген жаңа құн бойынша ең қымбат билеттің бағасы — 10 990 доллар.
FIFA әлем чемпионатында төрешілердің өкілеттігін кеңейтпек екенін жаздық.
Бұған дейін ҚР СІМ футболдан Әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға ескерту жасады.