Сауд Арабиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл жиналысқа шақырды

АСТАНА. KAZINFORM -  Сауд Арабиясы Газа секторындағы гуманитарлық апаттың алдын алу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Саудия Арабистони
Фото: Анадолу

«Қоршаудағы Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласына жасалған шабуылдардың салдары өте қауіпті болады», - делінген Корольдік Сыртқы істер министрлігі анклавтың осы бөлігінде Израильдің жердегі ықтимал операциясына байланысты мәлімдемесінде.

Рафах - Израильдің жауыздық агрессиясынан қашуға мәжбүр болған жүздеген мың бейбіт тұрғындардың соңғы баспанасы.

«Біз онда пана іздеген адамдарды мәжбүрлеп эвакуациялауды қабылдамаймыз және қатаң айыптаймыз», - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясы тез арада атысты тоқтатуға шақырып, Израиль себеп болуы мүмкін жаңа гуманитарлық апаттың алдын алу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізу қажеттігін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ақпанның 4-і күні мәлімдеме жасап, Израильдің Мысырмен шекарада орналасқан және жүздеген мың палестиналық Израиль шабуылдарынан паналаған Рафах қаласына құрлық операциясын бастауды жоспарлап отырғанын ашық айтты.

Соңғы жаңалықтар