Сауд Арабиясы қақтығыс басталмай тұрып-ақ аймақтан мұнай шығарып алған

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ одақтастары Иран Ормуз бұғазын жауып тастауы мүмкін деген қауіппен Таяу Шығыстан 100 миллион баррельден астам мұнай шығарған.

Саудовская Аравия вывезла нефть за пределы региона до начала конфликта
Фото: Saudi Aramco

АҚШ энергетика министрі Крис Райт Иранмен арадағы шиеленістің артуын ескере отырып, АҚШ одақтастары мұнай бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдағанын айтты.

- Біз жеткізу ісінде қысқа мерзімге іркілістер болатынын білдік. Шын мәнінде біздің кейбір одақтастарымыз, мен Сауд Арабиясын айтар едім, алайда олардан басқалар да бар, олар Таяу Шығыстан қақтығыс басталмас бұрын-ақ 10 млн баррельден астам мұнайды қоймаларға сақтап үлгерді,- деді ол америкалық ABC телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ Иран Ормуз бұғазын жауып тастаған жағдайда мұнай нарығын тұрақтандыру үшін әртүрлі төтенше жағдайлар жоспарларын дайындаған.

Бұған дейін АҚШ Ормуз бұғазы арқылы кемелерді өткізу үшін коалиция жариялауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.