Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады. 

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады
Фото: Pexels

ҚМДБ мәліметінше қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізіліп отыр.

Негізгі талаптар:

  • 2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады.
  • 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.

Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

— Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматты соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік еліміздің 17 тұрғыны қажылыққа барам деп, алаяққа алданып қалған еді