Сауд Арабиясында ауа райының қолайсыздығынан ескертудің «қызыл деңгейі» жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM — Сауд Арабиясының шығысындағы Эш-Шаркия провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескертудің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Сақтық шарасы ретінде аймақтағы мемлекеттік мектептерде күндізгі сабақтар тоқтатылды.
Heavy #flooding due to rainfall in Jubail, Eastern Province, #SaudiArabia pic.twitter.com/AfRGxPKt82
— Gulf Times (@GulfTimes_QATAR) December 16, 2025
Сонымен қатар, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:11–де провинцияда жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы Харад қаласынан шығысқа қарай шамамен 9 км жерде, . 8 км тереңдікте орналасқан.
— Жер сілкінісі тектоникалық сипатта болды және Иранның Загрос таулары аймағында Араб және Еуразия тектоникалық плиталарының соқтығысуынан туындаған кернеуден болуы мүмкін. Бұл патшалықтың шығыс аймағындағы жер қыртысындағы жарықтардың белсенуіне әкелді, деп түсіндірді Сауд Арабиясының Геологиялық қызметінің өкілі Тарик Аба әл-Хайл.
Құрбан болғандар немесе материалдық залал туралы хабарланған жоқ.
Сондай-ақ Жапонияда 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, мамандардың айтуынша цунами қаупі бар.
Ал Израиль Байрон дауылына дайындалып жатыр.