Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сауд Арабиясы қақтығыстар басталғалы бері шамамен 2,5 млн. сириялық азаматтарды қабылдады - Сауд Арабиясы Корольдігінің СІМ өкілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Корольдігі Сириядағы қақтығыстар басталғалы бері шамамен 2,5 млн сириялық азаматтарды қабылдады. Бұл туралы Сауд ақпарат агенттігіне Сыртқы істер министрлігінің жауапты өкілі хабарлады.

Сауд Арабиясы қақтығыстар басталғалы бері шамамен 2,5 млн. сириялық азаматтарды қабылдады - Сауд Арабиясы Корольдігінің СІМ өкілі

Сауд Арабиясы қазіргі қиын жағдайда сириялық бауырлас халыққа көмек көрсетіп жатқанын діни және гуманитарлық құндылықтарға байланысты оны жариялауды қаламаған еді. Өйткені, Сауд Арабиясы бұл көмектерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, мақтану үшін жасап отырған жоқ. Алайда, кейбір ақпарат құралдары тарапынан Сауд Арабиясы жеткілікті деңгейде көмек көрсетпей отыр деген айыптауларына жауап ретінде САК сириялық босқындарға қандай көмек көрсетіп жатқаны жайында мәліметтер келтіруді дұрыс деп тапты.

САК-нің сириялық босқындарға көрсеткен көмектері төмендегідей:

- Сириядағы дағдарыс басталғалы бері Сауд Арабиясы шамамен 2,5 млн босқынды қабылдады. Оларға босқын ретінде қарым-қатынас жасаған жоқ, оларды босқындар лагерьлеріне орналастырмады, керісінше, оларға толық еркіндік беріліп, жүз мыңдаған сириялық азаматқа ықтиярхаттар берілді, оның ішіне тегін медициналық қызметтер мен оқуға, жұмысқа орналасуға рұқсат берілді. 2012 ж. шыққан САК Королінің жарғысына сәйкес, 100 мыңнан аса сириялық балалар мектепке қабылданды.

- САК-тің гуманитарлық көмегі тек сириялық азаматтарды қабылдаумен шектелген жоқ. Сонымен қатар, Иордания, Ливан сияқты басқа елдерге қоныс аударған миллиондаған сириялықтарға қолдау көрсетілді. Сол елдермен және Халықаралық құтқару ұйымдарымен бірлесіп, гуманитарлық көмектер көрсетілді.

- САК-тің сириялық бауырларға көрсеткен көмектерінің мөлшері шамамен 700 млн. долларға жетті. Бұл статистика 2015 ж. 31-ші наурыз айында Кувейт мемлекетінде өткен Көмек көрсетуші елдердің үшінші халықаралық конференциясында айтылған болатын. Ол көмектердің ішіне үкіметтік көмектер және халық тарапынан жасалған науқандар кіреді. Сол халықтық науқандардың бірі 2002 жылы "Сириядағы бауырларға қөмек көрсету ұлттық науқаны" деп аталды.

- Гуманитарлық көмектердің ішінде азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, үйге, білім алуға қажетті жабдықтар таратылды. Сондай-ақ, босқындардың лагерлері жанынан, атап айтар болсақ, Хашимиттік Иордания Корольдігіндегі әз-Заатари және шекараларға жақын орналасқан лагерьлер жанынан мамандандырылған саудтық емханалар салынды. Оларға дәрі-дәрмектер беріліп, хирургиялық операциялар жасалынды және профилактикалық көмектер көрсетілді. Оған қоса, Сирия, Ливандағы сириялық мұқтаж отбасыларға көптеген үйге қажетті жабдықтар берілді.

СІМ-нің мәлімдемесінің соңында, Сауд Арабиясы Сирия халқына қолдау көрсетуші елдердің әрқашан алдыңғы қатарында болатындығын және гуманитарлық көмектерін жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл жайында Сауд Арабия ұстанымына ешқандай күмәнмен қарауға болмайтындығын атап көрсетті.