Сауд Арабиясында Ислам конференциясы ұйымының экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі 34-ші сессиясы өтеді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 24-26 сәуір аралығында Сауд Арабиясының Джидда қаласында Ислам конференциясы ұйымының экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі 34-ші сессиясы өтеді. Бұл жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов айтты.

Сауд Арабиясында Ислам конференциясы ұйымының  экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі 34-ші сессиясы өтеді

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жиынға қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров бастап барады. Осы шара барысында 28-30 маусым күндері Астанада өтетін Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының қорытынды шешімдерінің жобасын қарау жоспарланып отыр.