Сауд Арабстаны Королдігінің жоғары білім беру әкімшілігінің өкілдері ҚазҰУ-да болды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіің басшылығы Сауд Арабстаны Патшалығының Жоғары білім беру әкімшілігінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Иса Бен Абдолла әл-Исамен және Сауд Арабстанының Қазақстандағы елшілігі қызметкерлерімен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабстанының білім беру саласындағы қарым-қатынастарын нығайту жолдарын әртараптандыру, студенттер алмасу, ұстаздар қарым-қатынасын жолға қою мәселесі сөз болды. Иса Бен Абдолла әл-Исаның айтуынша, бүгінде Сауд Арабстанында 20 мемлекеттік және 15 жекеменшік жоғары оқу орындары бар. «Бұл оқу орындарының бәрі әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Биылғы жылы Сауд Арабстанының патшасы Абдулланың қолдауымен жаңа технологиялық университет ашылады. Бұл университет әлемдегі ең соңғы үлгіде салынып, заманауи талаптармен жабдықталған. Бүгінде Саудияда білім алушылардың 70 пайызы ? шетелдік студенттер. Сондықтан бұл университетте білім алмасуға Қазақстандық студенттер мен оқытушыларды шақырамын», деді Сауд өкілі. Өз кезегінде ҚазҰУ проректоры Зұлқайыр Мансұров университеттің әлемнің 400 жоғары оқу орнымен қарым-қатынасты жолға қойғанын атап өтіп, Сауд Арабстанымен тығыз байланыс орнату қазақстандық білім саласын жаңа деңгейге көтеретініне үмітін білдірді.
Соңғы жаңалықтар