Сауда және экологиялық қауіпсіздік: Қытай мен Орталық Азия министрлері Алматыда нені талқылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM –– Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия — Қытай» форматындағы VI кездесуі аяқталды.

 Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі басталды
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі
Фото: Александр Павский/Kazinform

Шараға Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қытай сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов және Түрікменстан өкілі қатысты.

Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі
Фото: Александр Павский/Kazinform

Кездесуде саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көліктік өзара байланысты дамытуға, сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлермен бірлескен күреске, сондай-ақ өңірдегі орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне басты назар аударылды. Орталық Азияның Қытаймен өзара сыйластық пен теңдік қағидаттарында көпжақты өзара іс-қимылының архитектурасын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Тараптар қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге теңдестірілген көзқарастардың қажеттілігін атап өтіп, өзара тиімді даму жолындағы қадамдарды келісті.

М.Нұртілеу өз сөзінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудара отырып, «Орталық Азия — Қытай» көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі
Фото: Александр Павский/Kazinform

–– Форматымыздың «Орталық Азия +» тетіктері арасында флагманға айналуы, ал көшбасшылардың алдағы кездесуі мәңгілік достық пен өркендеудің жаңа кезеңін ашуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр, — деді Қазақстан СІМ басшысы.

Отырысқа қатысушылар жаһандық сын-қатерлер жағдайында сындарлы диалогты жалғастырудың, байланыстарды дамытудың және басым бағыттар бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударып, осы форматтағы тұрақты кездесулерге дайын екенін білдірді.

Алматыда сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия – Қытай» форматындағы VI кездесуі
Фото: Александр Павский/Kazinform

Іс-шара қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері Ақпараттық коммюникені қабылдады, онда «Орталық Азия — Қытай» форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттеме бекітілді.

Осыған дейін Мұрат Нұртілеу Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымының жартысы Қазақстанға тиесілі екенін айтқан болатын.

Еске салайық, 25 сәуір күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және ҚКП ОК саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан мен Қытай арасындағы Стратегиялық диалогтың екінші отырысына қатысқан еді. 

Соңғы жаңалықтар