Сәуірдің 1-не дейін Өнімді бөлісу туралы бұрындары жасалған келісімдерді қазіргі салық режіміне көшіру туралы ұсыныс дайындалады

қпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Қаржы министрлігі ағымдағы жылғы сәуірдің 1-не дейін Өнімді бөлісу туралы бұрындары жасалған келісімшарттарды қазіргі салық режіміне көшіру туралы ұсыныс дайындайтын болады.

Сәуірдің 1-не дейін Өнімді бөлісу туралы бұрындары жасалған келісімдерді қазіргі салық режіміне көшіру туралы ұсыныс дайындалады

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстаннның Кеден одағына кіруіне байланысты салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелден кейінгі брифингте Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта бұрындары жасалған Өнімді бөлісу туралы келісімшарттарға сараптама жүргізілген. «Келісімшарттардың рәсімделуіне және бекітілген жекелеген келісімшарттардың заңдылығына қатысты белгілі бір мәселелер бар. Салық комитеті қазір бұлар бойынша жұмыс жасап жатыр. Қазақстанда келісімшарттарды бұзуға заңнамалық негіз бар», деді Д. Ерғожин.

Оның айтуынша, алайда бұдан Қазақстан тарапы келісімшарттарды бірден бұзады деген ой тумауы тиіс. Нақты шешімдерді дайындау үшін түрлі тетіктер мен тәсілдер бар. Келісімшарттарды бұзу шешім қабылдаудағы соңғы сатылардың бірі болып табылады.

Егер математикалық тұрғыдан еспетейтін болса, Өнімді бөлісу туралы келісімдер аясында жұмыс істеп жатқан жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген келіішарттарға ағымдағы салық режімінде жұмыс істеген пайдалы.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы қаңтардың 22-де Ақордада Үкіметтің экономикалық блогымен өткізген кеңесте Елбасы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан жер қойнауын пайдаланушы шетелдіктер салықты қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес төлеуі тиістігін айтқан болатын. «Біздің келісімшарттарымыздың барлығы қол қойылған сәттегі салық заңнамасы бойынша жұмыс істеуде. Бізге қолсұқпаушылық аймағынан шығып, барлық өндіруші компаниялар салық заңнамасында келешекте болатын өзгерістер бойынша жұмыс істейтін мәселені пысықтау қажет», деген еді Елбасы кеңесте.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның салықшылары әлгіндей компанияларды тексеруге барғанда, оларға бұдан ондаған жылдар бұрын қабылданған заңдарымыз жинақталған бума-бума қағаздарды алып баруға және оның ішінен еліміздің мұнай және басқа да салаларына келген инвесторларға салықты қалай салу жөніндегі дүниелерді іздеуге тура келеді. «Бұл мәселе бойынша ымыраға келу керек. Уақыт өтуде, бүкіл әлемдегі өмір өзгеуде, мемлекеттің мүддесі бізді осыған итермелейді», деген Н. Назарбаев, Үкіметке өндіруші компанияларға қазіргі таңдағы қолданыстағы салық заңнамасы бойынша салық салу мәселесін пысықтауды тапсырды.