Сауль «Канело» Альварес 14 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Жексенбі, 14 қыркүйек күні таңертең бокстың мексикалық жұлдызы Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) АҚШ спортшысы Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) титулдық жекпе-жегін өткізеді.

Сауль Альварес
Фото: Sports.kz

Онда орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 8:00–ге белгіленген.

Сауль Альварес соңғы жекпе-жегін 3 мамырда кубалық Уильям Скаллға (23-1, 9 КО) қарсы өткізді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен (115-113, 116-112, 119-109) жеңіске жетті.

Ал Теренс Кроуфорд 2024 жылдың 3 тамызында соңғы рет өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-2-1, 7 КО) кездескен еді. Бұл жолы төрешілер бірауыздан (115-113, 116-112, 115-113) жеңісті америкалық спортшыға берді.

Айта кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 2022 жылы ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалған еді.

Соңғы жаңалықтар