Саян Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық белгілі маман Саян Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Саян Хамитжанов
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл шешім, бүгін 12 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

Атқарушы комитеті Андрей Дудинді ҚФФ Бас хатшысы қызметінен босатып, бұл қызметке Саян Хамитжановтың келуіне қолдау білдірді.

Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін ҚФФ-да бірқатар басшылық қызмет атқарды. 2008-2012 жылдары бас хатшы ретінде еңбек етсе, 2012-2014 жылдары федерацияның вице-президенті болды.

Айта кетсек, «Астана» футбол клубында Саян Хамитжанов жұмыс істеген жылдардағы клубтың жоғары жетістіктерге жетті.

Қазақстан Премьер-Лигасында 5 дүркін чемпионд атанса, бірнеше мәрте Қазақстан Кубогы және суперкубогын иеленді. УЕФА еурокубоктарының топтық кезеңінде сынға түсті. Елордалық клуб 2015/16 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетсе, 2018 жылы УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар