09:53, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Саяжайда болған өрт бір адамның өмірін қиып кетті- ШҚО ТЖД
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы саяжай үйі отқа оранды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 8 адамы жұмылдырылды. 15 шаршы метр аумақ жалынға оранды.
Оқиға орнынан 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды.