Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сайлау туралы ҚР Заңын бүкіл әлемдегі кез-келген демократиямен салыстыруға болады - байқаушы Д.Витт

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау туралы ҚР Заңын бүкіл әлемдегі кез-келген демократиямен салыстыруға болады. Бұл туралы халықаралық «салық және инвестиция» орталығының президенті Дэниел Витт мәлім етті.

Сайлау туралы ҚР Заңын бүкіл әлемдегі кез-келген демократиямен салыстыруға болады - байқаушы Д.Витт

«Халықтың 95,11%-ы келгенін көрдік. Бұл теңдессіз жағдай. Қазақстанның ОСК пікірлерге ашық екеніне көз жеткіздік. Алғаш рет 2013 жылы парламенттік сайлауға қатысқанмын, сіздер шынында да сайлау үрдісін жақсарту жолында жұмыс жасап отырсыздар», - деді Д. Витт.

«Қазіргі сайлау туралы ҚР Заңын бүкіл әлемдегі кез-келген демократиямен салыстыруға болады деп есептеймін. Сайлауды жоғары дәрежеде өткіздіңіздер. Бұл демократиялық реформалар, болашақ ұрпақтарыңыз үшін демократия институтын дамытудағы қадамдарыңыз. Қазақстандықтар өз дауыстарының маңызды екеніне сенімді дегенге еш күмән жоқ», - деп қосты халықаралық тәуелсіз байқаушы. Д. Витт хабарлағандай, қазір сайлау бойынша баяндама дайындау жұмысы аяқталуға жақын. Жақын арада онымен ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысовтың, сонымен қатар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың танысуына ұсынылады.