Сайрам шатқалындағы турист құтқарылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғыны Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы, Сайрам су шатқалындағы достарының қиын жайға тап болғанын хабарлаған. Хабарламада 3500 биіктіктегі альпинистік топтың бір мүшесінде өкпе ісігі басталғаны анықталды.
«1990 жылы туған зардап шегуші комаға түскен және оны тасымалдау мүмкін болмады. Топтың басшысы Ш.Рафиков көмек көрсетуді, тікұшақ жіберуді сұрады», - делінген ОҚО ТЖД хабарламасында.
ОҚО ТЖД басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполклвнигі Н.Дербісовтың жетекшілігімен ОҚО ТЖД жеде-құтқару жасағының қызметкерлері ҚР ІІМ ТЖ Комитеті «Казавиаспас» АҚ тікұшағымен көмекке аттанды.
Оқиға орнына келіп, жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы И.Зайтенов зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті және науқас тікұшақпен Шымкент қаласына жеткізілді. Апатты медицина орталығының дәрігерлері кәсіби медициналық көмек көрсетіп, туристі облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырды.
Ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде турист өміріне төнген қауіп сейілді. М.Хасановтың туыстары мен жақындары, топ жетекшісі Ш.Рафиков құтқарушыларға өз алғысын білдірді.